АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 80 ЖЫЛ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 80 ЖЫЛ
Маңызды аймақтардың біріне айналған, экономикалық ахуалы қарқынды дамып, тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде елеулі орын алатын Ақтөбе облысының 80 жылдық тарихы бар. БКП(б) Орталық комитетінің 1932 жылдың қаңтарындағы қаулысына сәйкес БКП(б) Қазақ аймақтық атқару комитеті (1932 жылдың 13 қаңтарындағы № 83 хаттамасы) бюросының отырысында Қазақстанда аймақтық орталыққа бағынатын облыстарды құру туралы сұрағы қарастырылды. Осы қаулы негізінде Қазақстанда алты облыс құрылды: Батыс-Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан. Алғашында Ақтөбе облысы 17 ауданнан тұрды: Адамовский, Ақбұлақ, Ақтөбе, Арал, Батбаққара, Жетіқара, Ырғыз, Қарабалық, Ключевой, Костанай, Меңдіқара, Семиозерный, Табын, Темір, Обаған, Қобда, Шалқар ауданы аймақтары еді. Бұл деректер Қазақ аймақтық атқару комитетінің қаулысында тізімделген.
1932 жылы Ақбұлақ ауданы Ақбұлақ және Мәртөк болып екіге бөлініп, Ақбұлақ ауданы Орынбор облысына берілді.
1936 жылы Ақтөбе облысының 11 ауданының негізінде Қостанай облысы құрылады.
1937 жылдары Ақтөбе өңірінде 14 аудан болды. 1938 жылы Арал ауданы Қызылорда облысына қосылды. Сол жылы облыста Родниковский ауданы құрылып, 1957 жылы аудан таралды, оның жері Степной мен Мәртөк аудандарының территориясына берілді.
1940 жылы Ақтөбе облысының бірнеше аудандары ірілендіріліп, Ойыл ауданының бір бөлек жері Атырау облысының құрамына өтті. Қазіргі Қызылқоға ауданының территориясына Ойыл ауданының бір бөлігі кірді.
1958 жылы облыста ірі 12 аудан болды. Сол кезде қазіргі Мұғалжар ауданының территориясын Жұрын ауданы, Қарғалы ауданының кейбір территориясын Степной ауданы құрады.
Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары Ақтөбе, Исатай, Қарабұтақ, Октябрь аудандары таратылып, басқа аудандардың құрамына кірді.
Облыстың бірінші басшылары. Облыстың алғашқы басшысы болып Ярмухамедов Шаяхмет Шамухамедович тағайындалды. Мұрағатта сақталған құжаттар бойынша ол 1932 жылдан 1934 жылға дейін басшылық еткен. 1902 жылы дүниеге келген Ш.Ярмухамедов еңбек жолын 1917 жылдан бастаған, атап айтсақ, 1919 жылдан Алматыда жауапты хатшы болып, кейін қызметін Ташкентте жалғастырады. Ленинградта жоғарғы оқу орынында оқып, 1924 жылы қызыл әскер қатарында болады. 1930 жылы Алматыда аймақтық комитеттің хатшысы, Қазақ аймақтық комитетінде инструктор қызметінен, Ақтөбе облысы құрылғанына байланысты бірінші хатшысы болып тағайындалады.
Аты-жөні
Туылған жылы
Қызмет атқарған жылы
Ескерту
1
Ярмухамедов Шаяхмет Шамухамедұлы
1902
1932-1934
Қ.13. тіз.2, іс 212, 10 бет. іс 16, 2,9 бет, қ.655п, тіз,1 іс 295, 5 бет
2
Досов Абілқайыр Ысқақұлы
1899
1934-1936
Қ.13. тіз.4 іс.11, 14 бет
3
Мусин Айтмухамет
1899
1936-1937
Қ.13, тіз,5, іс 11 175 бет
4
Жунусов Мақай
1937-1937
5
Иночкин Яков Петрович
1938-1943
Қ.13, тіз.14 д.375, 40 бет
6
Бекжанов Мурзахмет Жексенғалиұлы
1907
1943-1944
Қ.13 тіз.16, іс 7, 2,3 бет
7
Тайбеков Елубай Базимиович
1901
1944-1948
Қ.13, тіз 1, іс 3956
8
Ильяшев Рымбек
1910
1949-1950
Қ.13, тіз19, іс 5, 310 бет
9
Сужиков Мухамедғали Аленұлы
1910
1950-1951
Қ.13, тіз19, іс 5, 310 бет
10
Комбаров Нығмет
1908
1951-1952
Қ.13,2, іс 483, 2 бет
11
Елеубаев Б
1952
Қ.13, тіз.2 іс 483, 5 бет
12
Ташенов Жұмабек Ахметұлы
1915
1952-1955
Қ.13, тіз.2, іс 838, 1-6 бет
13
Дэльвин Павел Илларионович
1902
1955-1958
Қ.13, тіз.2, іс 265, 1-6 бет, тіз.5, іс 11, 175 бет.
14
Қарсыбаев Шакір
1958-1959
Қ.13, тіз.8, іс 35, 160 бет
15
Бектұрғанов Хасан Шаяхметұлы
1922
1959-1964
Қ.13, тіз.5, іс81, 1-17 бет
16
Журин Николай Иванович
1908
1964-1972
Қ.13, тіз5, іс 245, 1-35 бет
17
Ливенцов Василиий Андреевич
1914
1972-1985
Қ.13, тіз.13, іс92
18
Трофимов Юрий Николаевич
1931
1985-1989
Қ.13, тіз.19, іс 204
19
Золотарев Евгений Михайлович
1936
1989-1991
Қ.13, тіз.19, іс204
Өндіріс саласы. Кеңестер Одағы құрылуы жылдарында Ақтөбе облысында әлемдегі ең ірі фосфор кені табылды (1,4 млрд.тоннаға жуық). 1930 жылы Алға станциясында ірі химкомбинат құрлысы басталды. Ал, 1934 жылы күкірт қышқылының алғашқы өнімін шығарды. 1936 жылы комбинаттың қуаты революцияға дейінгі Ресейде фосфор зауыттар қуатымен тең тұрды.
1934 жылы облысты 22 түрлі өндіріс мекемесі жұмыс жасап, өндірістің өнім құны 14 млн. рубльге жеткізді. Өндірісте барлығы 1300 адам қызмет етті. Олардың ішінде ірі өндіріс орындары болып: механикалық зауыт, 640 квт қалалық электростанция, кірпіш зауыты, ет комбинаты және тағы басқалары.
Облыс өндірісінің дамуына маңызды роль атқарған артельдер де бар. Атап айтсақ, «Химик», «Казпух» трикотаж өндірісінің бірлестігі, «Образец» тігін фабрикасы, «Красная звезда», «Кожевник» аяқ киім тігу және жөндеу өндіріс ұйымдары. Сонымен қатар облыста Шалқар, Темір, Ембі, Жұрын, Мәртөк артельдері жұмыс жасады. Ақтөбе облысында 1934-1935 жылдары Кемпірсай ауданында бағалы, әрі бай никель кен орны табылды. Ал, 1936 жылы Новоресей ауданының Дөң ауылы маңайында ірі хром рудалары кені табылды.
Облыста жергілікті көмір өндірісі Бершігөр шахталарында, ал Жақсымай және Шұбарқұдықта мұнай өндірісі іске қосылды. Сонымен қатар ақтөбеліктер Каспий-Орск мұнай құбыры құрылысына белсенді араласты.
Ұлы Отан соғысы жылдары облыс өндірісінің дамуына ерекше қарқын берді. 1943 жылдың қаңтар айында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қосылды. Бұл зауыт еліміздің қара металлургиядағы алғашқы зауыты болатын. 1941 жылы Ақтөбе қаласында Днепропетровск металл өңдеу артелі «Большевик» («Актюбинсксельмаш» зауыты болып) пен Московский рентген зауыты, қазіргі «Актюбрентген» болып көшірілді.
1960 жылы өндіріс артельдері таратылып, оның орнына тігін, жиһаз, аяқ киім фабрикалары құрылды.
1970 жылы кондитер фабрикасы іске қосылды. 1982 жылдың шілде айында жүнді бастапқы өңдеуден өткізу фабрикасы іске қосылып, өз өнімін бере бастады.
1959 жылы Кенкияқта ірі мұнай кені ашылып, облыстың мұнай бассейіні дамуының алғашқысы болды. Жаңажол комплексі бүгінде елімізге мұнай өңдеу және игеру ісінде белгілі.
Облыстағы маңызды өндіріс орындары - «Геотехника», «Эталон» зауыты, автожөндеу, авиажөндеу, құрылыс комбинаттары - «Актюбхимпласт» өндіріс ұйымы, «Юность» тігін фабрикасы, нан өнімдері және ет комбинаттары.
Темірбетон зауыты, үйкомбинаты, Мұғалжар және Бершігөр қиыршық тас зауыты, Кірпіш зауыттары облыстың құрылыс индустриясын дамытуға өз үлестерін қосты.
Облыста үш түрлі транспорт түрі бар. Олар: автожол, темір жол, авиажол транспорттары. Олардың ішінде автожол арқылы жылына 100 млн. жолаушы тасылса, теміржол арқылы 1,5 млн. жолаушылар тасымалдаған. 1982 жылдың 11 тамызынан бастап қала жолдарына троллейбус қосылып, жолаушылар тасымалдауға кірісті.
Ақтөбеде алғаш рет ұшақ 1930 жылы қонса, 1933 жылы аэропорт ашылды. Онда 22 адам қызмет жасап, аэропортқа 9 самолёт қонып, ұшып тұрды. Бүгінде аталмыш аэропорт халықаралық деңгейге дейін көтерілді.
Ауылшаруашылығы. Бұл сала тарихы ұжымдастыру кезеңінен бастау алады. 1930 жылы аймақта 393 колхоз болды. Ауылға және қалаға көмек ретінде 8000 жұмысшы жұмылдырылды. Олардың ішінде тракторшы басқа да жұмысшылар, колхоз басшылары, ауылшаруашылық жөндеу жұмыстарымен айналысатын 21 бригада, 11 мәдени бригада болды.
1931-1932 жылдары облыста 5 машина-трактор станциясы құрылды. Олар Мәртөк, Жайсаң, Новоресей, Қобда және Тамдыда болды.
1932 жылы ірі қара саны 133,3 мың бас, қой және ешкі саны 137,1 мың, жылқы 53,1 мың, түйе 36,1 болды.
1930 жылдардағы ашаршылық кезеңінде халық саны күрт азайды. Шалқар ауданының өзінде 30-35 пайыз халық саны шығынға ұшырады.
1939 жылы облыста 677 колхоз, 23 МТС 23339 трактор және 616 комбайн болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары жұмысшы топтың жетіспеушілігіне қарамастан облыста 660 мың гектарға дейін егіншілік алқабы игеріліп, ірі қара және қой саны 365,7 мыңға жетті.
1948-1949 жылдары облысты 472 ауылшаруашылық жұмысшысына Социалистік Еңбек ері атағы берілді.
1954 жылы еліміздің басқа аймақтары секілді облыста тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. «Северный», «Псковский», «Комсомольский», «Ярославский», «Урожайный» және тағы басқа астық шаруашылығымен айналысатын совхоздар құрылды.
Тың игеру оң нәтиже беріп, егін шаруашылығына 1300 мың гектар тың жер игерілді. Егін өнімін сату 3 есеге өсті.
1966 жылы егін түсімі 1 млн. 193 мың тоннаны құрап, мемлекетке 322,3 мың тонна астық құйды.
Сол жылы Ақтөбе облысы астық, ет, сүт және тағы басқа ауылшаруашылық өнімдерінің өсуіне байланысты Ленин Орденімен марапатталды.
1992 жылы облыста 107 совхоз, 44 колхоз, 3 ауылшаруашылық тәжіребие станциясы, 1 құс фабрикасы болды. Сонымен қатар 200-ге жуық фермалар шаруашылығы ауылшаруашылық саласын дамыта түсті.
Әлеуметтік жағдайы. Облыс құрылуымен Ақтөбе қаласында әлеуметтік жағдайы оң өзгеріске бет бұрды. 1936 жылдан бастап қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаланы көркейтуге кірісті. 10,5 шақырымға созылған алғашқы су құбыры тартылып 25 су бұраны орнатылды. Көшені көгалдандыру, жарықтандыру жүйеге қойылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынды. Облыс құрылған алғашқы он жылдықта қалада 2 аз қуатты электростанция жұмыс жасап, көшелер бойынша 250 электр шамдары болды. Тұрғын үй қоры 7 мың жеке және коммуналдық үйлер болатын. 1933 жылы облыс бойынша 680 бастауыш және 30 орташа, 3 орта мектеп болды. Оған қоса 73 мектеп-интернаттары ашылды.
Ұстаздар мен кадр дайындаумен 1922 жылы ашылған Ақтөбе педагогика училищесі айналысты. Ал, 1935 жылы ұстаздар институты ашылды. Бұл облыстағы алғашқы жоғарғы оқу орнының тарихына жазылды.
1945 жылы Темір қаласында зооветеринарлық техникум ашылды. 1957 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты ашылды. Аталмыш институт батыс аймақты дәрігерлермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар облыстағы бірегей оқу орындары қатарынан табылатын, тіпті Орта Азия мемлекеттері арасындағы бірегей оқу орны – Т.Бигелдинов атындағы Жоғарғы ұшқыштар училищесі облыс мақтанышы деп айтуға болады.
Облыс орталығы – Ақтөбе (1999 жылдың наурыз айынан бастап «Актюбинск» атауының транскрипциясы «Ақтөбе» болып өзгертілді) күн санап өсіп, қала көркіне сән беретін ғимараттар мен рухани орталықтармен толығуда. Соңғы 5 жыл ішінде облыс орталығында теңдесіз «Нұрғасыр» мешіті, Свято-Никольский храмы көтеріліп, рухани орталыққа айналды. Бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының жағдайы жақсарып, рухани-мәдени орталықтарға бет бұрысының оңдығын аңғартады. Тәуелсіз елдің рухы да -Тәуелсіз! Ақтөбе облысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жағдайына үлесін қосып, тәуелсіз еліміздің тұғырлы облыстарының қатарында.
(Ақпарат мұрағатта сақталған құжаттардың деректері негізінде дайындалды.)