Ереже

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 492 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мұрағат ісі және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 255.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы болып табылады.
14. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
15. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режімі аптасына бес жұмыс және екі демалыс күндерінен тұрады.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Ақтөбе облысы мұрағат қорлары құжаттарының сақталуын, толықтыру және пайдаланылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсету барысында тиімділік пен сапаны көтеру болып табылады.
17. Міндеттері:
1) облыс аумағында мұрағат ісінде және құжат жасауда біріңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) облыстық мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
5) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру.
18. Функциялары:
1) облыстың аумағында мұрағат iсiн дамыту және құжаттама жүргiзудiң өңiрлiк мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру;
2) облыстың мемлекеттiк мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
3) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
4) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекiту; 5) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
6) облыстың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару; 7) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді және оның құрамы мен мазмұны туралы ақпарат пен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін айқындайды;
8) мұрағат құжаттарын аса құнды және бірегей құжаттарға жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшірмелерін жасау мен сақтаудың тәртібін айқындайды;
9) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерiнiң тиiстi атқарушы органдармен келiсiлген тiзiмдерiн бекiтедi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
19. Құқықтары:
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан мұрағат жұмысы және іс жүргізудің жағдайы туралы қажетті мәліметтерді сұрау және алу;
2) өз құзыретінің шегінде мұрағат ісі және іс жүргізу жөнінде барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті актілер шығару;
3) мұрағат ісімен іс жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына, сондай-ақ өз өкілеттіктері мен құзыретінің шегінде мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге қатысу;
4) гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты қалыптастыру мен іске асырылуына қатысу.
20. Міндеттері:
1) мұрағат ісі саласында Заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыретінің шегінде мұрағат ісі және іс жүргізу жөнінде барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті актілер шығару;
4) Өз уәкілеттігі шегінде сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес жүргізу;
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
21. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
22 «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.
24. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) өз қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
2) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) өз құзыретінің шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
4) Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының директоры мен қызметкерлерін, облыстық мемлекеттік мұрағаттың Қобда және Шалқар филиалдарының директорлары мен қызметкерлерін, мемлекеттік аудандық мұрағаттардың меңгерушілері мен қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Заңдарға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманының атынан сөйлейді;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекітеді;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
«Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.
26. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сандық жеке құрамын бастық белгілейтін консультативтік-кеңесші орган – Алқа құрылады.
27. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанында Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құра-мын айқындауға және құжаттардың құндылығын сараптауға байланысты мәселелерді қарайтын сараптау-тексеру комиссиясы жұмыс істейді (СТК).
4. Басқарманың мүлкi
28. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
29.1. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
31. «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынышты мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1) «Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ
«Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты» ММ Қобда филиалы
«Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты» ММ Шалқар филиалы
«Алға ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
«Әйтеке би ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
«Байғанин ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
«Ырғыз ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
«Қарғалы ауданының мем лекеттік мұрағаты» ММ
«Мәртөк ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
10) «Мұғалжар ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
11) «Ойыл ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
12) «Темір ауданының мемлекетті к мұрағаты» ММ
13) «Хромтау ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ