Жаңалықтар

04.10.2012
Облыстық мұрағат мекемелерінің мемлекеттік қызмет көрсетуі

Мемлекеттік басқарманың тиімділігін арттырудың ең маңызды құралы құжаттамамен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдайсыз мемлекеттік құрылымдардың толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Мемлекеттік құрылымдарының тиімді қалыптасуының бірі қазіргі таңдағы ақпараттық ағым. Ол жаңа технологиялық шынайылықпен, сонымен қатар кез-келген ұйымның құжат қоры классикалық қағидасына сәйкес келуі тиіс.
Бұл салада елеулі орын алатын құжаттану және мұрағаттық істі атап көрсетуге болады. Қазіргі таңдағы мемлекеттік органдар қызметінің үдерісі мемлекеттік қызметшілердің басқарма қызметіндегі құжаттамамен қамтамасыз ету сұрақтарын түсіну маңыздылығы.
12.07.2012
Ақтөбе облыстық сотына 80 жыл

Аумағына Ақтөбе облысы енген Торғай өлкесінің революциялық кезеңге дейінгі сот жүйесіне хандық заңдары бойынша сот төрелігін жүргізген дүниежүзілік судьялар, басшылар, болысты басқарушылар, аумақтық соттар мен сот палаталары кірген.
Жалпы империялық сот жүйесімен бірге билер мен қазылар соты болған, олар 3 құрамнан тұрған: дара билер, билердің болыстық съезі, төтенше жағдайлар бойынша билердің съезі. Бұл соттар істерді қазақ халқының жалпы құқықтық ережелері бойынша қаралды. Осы кезеңдегі сот жүйесінің тарихы - Кіші Жүздің ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ мемлекетінің саяси құқықтық жүйесінің қалыптасуына зор үлес қосқан, танымал биі Әйтеке бимен тығыз байланысты.
15.05.2012
Ақтөбе облыстық мұрағат құжаттарындағы ашаршылық ақиқаты

Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық» — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанының да салдары». Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге жаппай ашаршылық, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады. Ашаршылықтың адамды ауруға, індетке ұрындырады, қырғынға ұшыратады. Ашаршылық сонымен, жеке адамның, жеке отбасының қорексіз қалуы емес, ол бір аймақтың, халықтың, мемлекеттің нәубетке түсуі.
11.04.2012
Тұңғыш заңгер және комиссар

ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңында қазақ даласында қоныс аударушыларға жер бөлу саясатының салдарынан қазақ елі талай қиындықтарды бастан кешірді. Осындай қиындықтар отаршылыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың бастауына айналды. Бұл қоғамдық қозғалыстардың басында сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ғұмар Қарашев сынды көптеген зиялының қатарында Бақытжан Қаратаев та бар еді.
22.02.2012
Шығанақ - бағындырған шың

Әлемдік рекордты жаңартып, атағы әлемге жайылған ақ тарының атасы -Шығанақ Берсиевтің туғанына биыл 130 жыл толды. Жер ананы ерінбей мәпелеп, оның дархан байлығын ел игілігіне жарату үлгісін кейінгі ұрпаққа үлгі еткен жерлесіміз туралы талай шығармалар мен мақалалар жазылды. Отты жылдарда орынды істің қол басшысы бола білген Шығанақ Берсиев – шын мәнінде еліміздің айбынын танытып, рухын көтеретін ұлы іс атқарған. Оның жемісі тары! «Кеспе көже күн батқанша, бидай көже ел жатқанша, тары көже таң атқанша» деп тарының қуатын Ұлы Отан соғысы жылдары майдандағы азаматтар хаттарында орынды баға берілген.
18.01.2012
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 80 ЖЫЛ

Маңызды аймақтардың біріне айналған, экономикалық ахуалы қарқынды дамып, тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде елеулі орын алатын Ақтөбе облысының 80 жылдық тарихы бар. БКП(б) Орталық комитетінің 1932 жылдың қаңтарындағы қаулысына сәйкес БКП(б) Қазақ аймақтық атқару комитеті (1932 жылдың 13 қаңтарындағы № 83 хаттамасы) бюросының отырысында Қазақстанда аймақтық орталыққа бағынатын облыстарды құру туралы сұрағы қарастырылды. Осы қаулы негізінде Қазақстанда алты облыс құрылды: Батыс-Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан. Алғашында Ақтөбе облысы 17 ауданнан тұрды: Адамовский, Ақбұлақ, Ақтөбе, Арал, Батбаққара, Жетіқара, Ырғыз, Қарабалық, Ключевой, Костанай, Меңдіқара, Семиозерный, Табын, Темір, Обаған, Қобда, Шалқар ауданы аймақтары еді. Бұл деректер Қазақ аймақтық атқару комитетінің қаулысында тізімделген.